Жарты ғасырлық  тарихы бар білім беру ошағы

 

«Қай істің болсын өніуіне үш түрлі шарт бар.

Ең әуелі ниет керек,одан соң күш керек,

одан соң тәртіп керек»

Мұхтар Әуезов

        

Мектеп 1969 жылы қаланың екінші мөлтек ауданында тұрғын үй есебінде салынған. 6 бөлмелі үйде ашылып, осы ауданнан қаладағы «Шардара » М. Горький орта мектептеріне қатынап оқитын бастауыш сынып оқушылары  оқытыла  бастады.  Келесі жылы 1970ж сегіз жылдық мәртебесін алып, мектеп директорлығына Е.Тәжімұратов бекітілді. Ол оқушылар құрамын жыл санап өсіп келе жатқанын негізге ала отырып, табандылығының арқасында жедел түрде қосымша 12 бөлмелі жай салдыруға қол жеткізді. Алғашқы жылы бастауыш мектепте Ж.Зейнеділов, Б.Әбибулаева, С. Дәбешова, А. Жұманова, Х Бақбергеновалар жұмыс істеді. Кейін сегізжылдық, онжылдық, болған тұста олардың қатарын Ж.Әлібаева, Ә.Әлібаев, Ә.Арапова, В.И.Подпорина, Н.Л.Лобанова, Ә.Бекбергенова, С.Пахынбетов, Т.Тасыбекова, Б.Әлімбеков, А.Тұңғышбаев, Т.Әліпбаев, Қ.Әбуов, Б.Байтүгелова, Г.Ағмановалар бастаған шәкірттерінің құрметіне  айналған 50 – ге  жуық нағыз педогог мамандар толықтырылды.    Мектеп басшылығында тым аз уақыт жұмыс істеп, басқа қызметке ауысқандарын айтпағанда  басқалары мекеменің қалыптасқан жақсы еңбек дәстүрін лайықты жалғастырып, оны жаңа биіктерге көтеруге өз үлестерін қоса білді. Сол кездері 1970ж – 1986 жылға дейін басқарған  Е.Тәжімұратов зейнеткерлікке шыққан соң төмендегі директорлар басқарды: Ғ. Омарова (1986-1988 жж), Ж.Сыздықов (1989-1990жж), О.Уалиханов (1990-1994жж). Б.Қалымбетов( 1994-1996 жж ), Р.Хожаниязова( 1996-1998 жж),  Е.Базаров (1998-200 жж), Б.Мыңжасаров( 2000-2006ж.ж), Мектепке 2006 жылы 1266 орынды жаңа ғимарат салынып пайдалануға берілді.Осы мектептің жаңа ғимаратқа (Мелдеби ауылы) есебінде жоспарға енгізіліп, салынуына бұл күнде зейнеткер ардагер ұстаз Б.Мыңжасаров үлкен еңбек сіңірді.2006 жылы жаңа мекемеге көшкеннен кейін №1.М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін (2006-2013ж.ж), С.Халмурзаева, (2013-2015ж.ж) Х.Мырзабаева.

 

Осы мектептің түлегі, Акбердиев Еркинали Дуйсенбайұлы 2015 жылдан бастап басшылық  жасап келеді. №1.М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі 2019жылы мектеп қайта күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі таңда заманауи компьютер, ноутбуктар және ІТ сыныптармен жабықталды. Қазір онда 200 мұғалім жұмыс істейді. Оның 196-ы жоғары, 4-і орта арнаулы білімді. Ұстаздардың  17-і жоғары, 20-сы бірінші, 17-і екінші санатты мамандар.  Қазіргі таңда 1651 оқушы білім алуда. Мектебімізден шыққан  өз мамандықтары бойынша Республикалық, облыстық деңгейде абыройлы қызмет істеп жүрген Ү.Датқаев (Аспендиярова атындағы мед.Академияның деканы, мед.ғылымының докторы, профессор), Ә.Балқыбеков (ақын), Р.Жаукимова (Қазақстанның Құрметті қауымдастығының төрайымы), С.Тұрысбеков (Тараз қаласы, аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі), Г.Жумадиллаева (Шымкент пед. Институттың аға оқытушысы), Т.Маханбетов (облыстық телекоммуникация бастығы қазіргі Шымкент қаласы), Ұ.Қарсыбаева (Шымкент мед.Академиясының аға оқытушысы), А.Қарсыбаев (Шардара аудандық маслихат хатшысы, қол күресі және гір көтеру федерациясының президенті), Қыдырғали Оңғарбаев (қол күресінен әлем чемпионы, аудандық маслихат депутаты),  Шынболат Райханов (Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы),  Сахов О (Жоғары дәрежелі дәрігер-кардиолог, мед ғылымдарының кандидаты, доцент.Алматы қалалық  кардиологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі), Н.Бейсенбиева – (Астанадағы мед. Академиясының докторанты), Нуралиева Ұлмира (ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаментінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы),  ауданымыздағы біраз мектеп директорлары  Ж.Сапаров «Шардара м/л»,  А.Тілегенов А.Әлімбетов ат.жом, Ж.Нұралиева «Сырдария» жом, С.Халмурзаева М.Горький ат.жом,Д.Тулепов №12 жалпы орта мектептің,Жекпе-Жек ж/е күш спорт түрлерінің директоры Б.Турманов осы мектептің түлектері.

 

Бүгінгі таңда мектептегі оқу-тәрбие процесі толығымен жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп жұмыс жасауда. Е.Акбердиевтің басшылығымен мектеп ұжымы жарты ғасырлық оқу-тәрбие саласындағы дәстүрлерін мықты ұстанып, оны жалғастыруда.

 

 

Мектеп директорының орынбасарлары: Б.Байтугелова, Б.Тоқшабай, Г.Серикбаева, Б.Сахова, М.Култазина, Л.Құлмаханбет, Г.Айтбаева, А.Жамберова, Қ.Сыздыкова, Т.Ходжаниязов мектеп ұжымын басқаруда мен бақылауды тиянақты жоспарлап, іске асыруда, барлығы тәжірибелі мамандар.

 

Мектепте шәкірттерінің бойына ізгілік пен ізденімпаздық қасиет дарытып, білім нәрімен сусындатып жүрген майталман мамандар жұмыс жасайды. Олардың қатарында  Б.Байтугелова, Б.Сахова, Г.Серикбаева, Б.Тоқшабай Л.Борамбаева, Л.Құлмаханбет, Л.Бибек, Г.Айтбаева, Ф.Насрединова, Ғ.Ержан, К.Бөрібек, Ә.Сериев, У.Кунанбаева,  Г.Канжигитова, М.Ахетова,  К.Сыздыкова, Қ.Жантуреев, Ж.Ахарбеков,  Т. Ходжаниязов, Ш.Асанбаева, Г.Рүстемова, А.Қожахметова, Қ.Юсупова, Р.Абдукаримова, Г. Асықбекова, А.Жамберова, Л.Билалова, З.Саттарова сынды білікті ұстаздарымыз бар. Сондай-ақ, Республикалық, облыстық, аудандық білім додаларында оқушыларымызда мұғалімдерімізде жеңіске жетіп, мектеп атын асқақтатып жүрген жандар да жоқ емес. Айта кету керек, «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен  Б.Байтугелова, К.Бөрібек марапат биігінен көрінді.

 

Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов айтқандай «Ұлт пен ұлтты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе –білім»

 

Ел-болашағы білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан білім саласына жүктелген міндет орасан зор, №1М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің үлгі тұтарлық білім ұясының, ұжымы ынтымағының арқасында алдағы уақытта да биік шыңдардан да көрінеміз деген сенімдемін.