2018 жылдың 10 қаңтарында №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Кітапханадағы бір күн» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды ақын өлеңдерін сүйе білуге, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өз ұлтын, елін – жерін, отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сүйер ұлың болса егер,
Сенде сүй.
Сүйінерге жарар бол!
Дәл осылай ғұлама Абай ақынымыз тектен текке жырламаса керек, қазақ елінің сүйенетін де сүйсінетін, тарихта өз орнын қалдыра білген ақындарымыз баршылық. Ал оларды ұлықтау мен құрметке ие қазақ халқының біртуар азаматтары Шардаралық жыршы – термеші ақындарымыз қонақта болды. Олар:
1. Әбдіғаппар Айдаров
2. Қанат Дауылбаев
Қонақта болған ақындарымыздың өлеңдерін мектебіміздің оқушылары мәнерлей оқып, жатқа айтып қонақтардың ризашылығын алды. Бүгінгі іс-шараға Шардара ауданына белгілі әнші Мұрат Қоңырбаев ағамыз қонақта болып өзінің әндерін шырқап, аталмыш іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.






