Түркістан облысы Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің коммуналдық мекемесі


«Бекітемін»
Мектеп директоры:
_______Е.Д.Акбердиев


«Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Мақсаты: Тәуелсіздік мерекесінің мәнін түсіндіру; тарихқа үңілу арқылы ата-бабларымыздың аңсаған арманының орындалып, бейбіт күнде өмір сүріп жатқандығына мақтану, патриоттықты, елін, жерін сүюге баулу.
- Би «Қазақ биі» «Ақмерей» бишілер тобы.



- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
- Тәуелсіздік – ең басты құндылғымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтық қиын өткелдерден аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі деп бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
- Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс.Төгілген қанның өлмеген жігердің отымен келген күн.Солай екен, Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті.



- Артқа шегініп тарихымызға шолу жасап өтейік. Көрініс. Хандар,билер т.б.
- Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс.
Егемендік – ел бақытты,ертеңі.
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!



Ән: Мұса Наз «Отан»



- Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры биік, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.
- Ұлтымыздың ұлы ұстанымы – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!
- ХХ ғасырдың ең бір қанды қасіреті ұлы Отан соғысы болды. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 милион адам қолына қару ұстанып ,ұлы Отан соғысына аттанды.Сол сарбаздардың қатарында Батыр қызымыз Мәншүк те болды. Ендеше, сол кезді, бір мезет еске ала кетейік.
- Әріптесіміз Сопбекова Әлия.Монолог.
- «Мәншүктің анасына жазған хаты»

- Жеңіс күні ардагерлер әперген
Желбіретіп қызыл туды көтерген
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.

- Қазақстан дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да осы талантты ұл –қыздары. Біз олардың өрісін ашып, қарым – қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз.
- Иә, осынау самарқау кезенің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз.Дегенмен де қазақ елі ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап отырған халық.Солай екен қазақ елінің өскелең ұрпағы туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігін қашанда паш етпек.
- Олай болса, Қадыр Мырзалиевтің. «Елге деген махаббат» жыр шумағымен Алмасұлы Ақылжанды ортаға шақырамыз.



- Елеміздің рухты жастары жасай берсін дей келе «Мәңгілік ел» әнімен ортаға Сейдахан Оразханды шақырғалы тұрмыз.Қарсы алыңыздар.

Ән « Көзіңнің мөлдірін - ай» Тәтеева Эльмира.

Менің елім Тәуелсіз Қазақстан
Бейбіт жерім – алтын күн, ашық аспан
Бақытты балалығым үшін саған,
Алғыс айтам батыр халқым даңқы асқан!

- Көркем сөз жанры бойынша

1.Ерғали Мерейгүл
2.Пайызхан Нұрай
3.Мамбет Айдана
4.
Ортаға шақырамыз.


- Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағатты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
-Ән. «Тәуелсіз қазақтың қызымын» орындайтын
Қалықұл Дана.



- Тәуелсіздік түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. 1986 жыл 16 желтоқсан.Жастар алаңға жинала бастады.Алаңда әБіз қазақ ежелден еркіндік аңсаған», « Тәуелсіздік керек» деген ұрандар айтылды.Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп,шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Нашақорлар», «Ұлтшылдар» деген кінә тағылды.
- Олай болатын болса біз сол боздақтарымыздың жан аямай күрескен күнінен аз ғана көрініс көрсек, артықтық қылмас деп ойлаймыз.
Көрініс: Қ.Рысқұлбеков туралы

 

- Құрманғазының күйі « Балбырауын» орындайтын:
1. Базарбай Нұрсұлтан
2. Жеңіс Айару
3. Сабитқызы Жансая
4. Есдаулет Ердаулет
5. Демесбек Еркеғали



Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін,аманатын ақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпайсың.
Ән: «Қазағымсың» орындайтын Берді Еркенұр.Абыралы Диас.



- Тәуелсіздік күн еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күні ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,күтумен өтті.

- Біз жас -Ұлан Отан өркені,
Үміт артқан болашағы ертеңі,
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені- деп тәуелсіз елдің қызы екендігін мақтан тұтып жүретін
- Базарбай Мадинаны «Елдің қызы» әнімен қарсы алыңыздар.

- Бәйгеге ат жіберсекте,кең далада көсіліп ойнасақта,билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы, ендеше татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.
- Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат!
Біздің міндетіміз кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты «Қазақстанды аманаттау», - деді Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында.

- Барлық ұлттың басын қосты бұл достық.
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты.
Ортаға Өзбек биімен 2 сынып оқушыларын шақырамыз.

 
- Қазақ әндерінен «Папури» орындайтындар.
Жеңіс Айару,Демесбек Еркеғали



- Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп – жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл егемендік ұғымы жастардың сапасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегініп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек.
- Ал, ендеше Тәуелсіздік жетістіктерімізбен, Тәуелсіздіктің құрдастарын ортаға шақырғалы тұрмыз.

1. Асанов Мақсат.
2. Ахетов Нұрлан.
3. Акбердиев Берік.
4. Абдуайтова Саурай.
5. Байдаулетова Гүлжайнар.
6. Қашқынбекова Мөлдір.
7. Шымалиева Меруерт.
8. Тұтқабаев Жұмахан.



- Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанмызға нұр септі.Мәңгілік егемендікті алып келуінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.Осы орайда жеке құрметпен ортаға желтоқсан оқиғасының куәгерлері Тоқшабай Бағдат ағай мен Боранбаева Лаззат апайды ортаға шақырамыз.




- Құрметті қонақтар және ұстаздар, құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Акбердиев Еркінәлі Дүйсенбекұлы береміз

- Алаңға шығып, ойын айтты жастарым
Қиындықпен қатерге тігіп, бастарын
Содан барып тоңды, еріді кеңес те
Содан кейін еркіндікті бастадым




- Ендеше, ержүрек ағалардың батырлығын әнге қосып жүрген Есдәулет Нұрдәулетті «Батырлар» әнімен ортаға шақырамыз.

Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып
- Құрметті қонақтар осымен бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған іс - шарамыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар.