Түркістан облысы Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің коммуналдық мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
_______Е.Д.Акбердиев
Әке –отбасы тірегі (өнегелі сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Әке – отабасы тірегі
Сабақтың мақсаты: Отбасының ұйытқысы,негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Қыз бала мен ұл бала әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.
- Отбасындағы әке орнын,ролін көрсете отырып халықтың тәрбие негіздеріне тоқталу.
- Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Тәрбие-әдіс тәсілдері: Өнеге-үлгі түсіндіру, жағдаяттар кезінде ойлану, демонстрация әдістері.

Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ардақты ата-аналар, оқушылар! Ата-ана-әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдында парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
«Әкеге бағыну –тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Әке шаңырақ иесі, отбасы мүшелерінің тірегі асыраушысы, қамқоршысы. Отбасы-шағын мемлекет десек, әке-сол мектептің президенті.

Бәрімізде әке мен анадан бастау алдық. Әкеміз салған қарапайым болса да дара, қасиетті жолмен жүріп келеміз.
Ендеше, бүгінгі өнеге сағатымыздың қадірлі қонақтарымен таныстырайық.
- Давулбаев Қанат
- Құнанбаев Құралбек
- Тілеубаев Қуанышбай
- Жораев Марат
- Алимханов Мырзалы
- Анарбаев Айдар
- Исаев Ғалымжан

«Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» деген нақыл сөзін айта отырып Әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық. Ой қозғайық ағайын!
Ендеше сұрақ-жауабымызды бастаймыз.


1-сұрақ. Ұлыңызды немесе қызыңызды тәрбиелеуде қандай қағиданы ұстанасыз?
2-сұрақ. Көрініс. «Қыздың әкеге өкпесі» Мирзалы Гүлсезім.
Әке өзінің ақылымен, даналығымен ғана үлгі емес, өнерімен де ұрпағына үлгі болған әкелерге мың тағзым.

3-сұрақ. Оқушыларымыздың әкеге арнау олардың көркем бейнесі суреттелген шығармаларға тоқталайық.
Әкеге арнау жаздыру.

4-сұрақ. Өмір дәмі, екі дән: Ащы-Тәтті
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ-Қатты
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап-қарадан,
Өмір деген тұрады: Ақ-қарадан.
Ақ-қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан адам.
Бейне көрініс: «Ана мен бала»
10-сынып оқушылары.
5-сұрақ. Қазақ отбасындағы әкенің орны қандай? Қәзір қандай?

Қорытындылау:
Қорыта келгенде, еліміздің бүгінгі мен ертеңі ол келешек жас ұрпақтың еншісінде. Тәуелсіздігімізді алып, төбемізге көк ту тігіп, тіліміздің мәртебесін көтеріп, әлемге «Қазақстан» деген елдің болашағы жас ұрпақта.
Қ-Қазаққа қызымет ететін.
А-арманына жететін
З-заңды жақсы көретін
А-алға қарай жүретін
Қ-қайрымды елімнің
С-салтанатты жерімнің
Т-толықтырам сенемін,
А-абыройын жігерін
Н- намысын қолға бермейтін.
Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің.
Құрметті ата-аналар біз жаңғыру жолында бабаларымыздың мирас болып, қалған сіңген, бүгінде тамырызымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Оқушыларымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы еліміздің патриоттын тәрбиелей берейік. Әрине айтуға оңай болғанмен ертеңгі еліміздің тұтқасы бүгінгі жас ұрпақ екенін ұмытпайық!
Дайындаған: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. А.Жамберова






