Түркістан облысы,Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 8 "Г" сынып жетекшісі Ұлжалғас Сапарбаева өз сыныбымен "Біз- тәуелсіз елміз" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елін, Отанын сүюге және егемен елімізді құрметтеуге, гүлдендіруге құштар патриоттық кұш -қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Туымыз тұғырлы, елтаңбамыз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Жастарымыздың болашағы жарқын болсын!Директордың тәрбие орынбасары: А.Жамберова.