Түркістан облысы Шардара қаласы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық талғамын қалыптастыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Алтын күз -2021"сурет, қол өнер байқаулары өткізілді. Байқау жеңімпаздары мадақтамамен марапатталды. Белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамыз.