Түркістан облысы Шардара қаласы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 5-8 сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта қалалық өлкетану мұражайына танымдылық саяхатта болып қайтты.
Мақсаты: Оқушылардың ой- өрістерін, танымдылық қабілеттерін дамыту туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыру. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.






