Шардара аудандық №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында «Туған жер» бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театры «Үміт үзгім келмейді» атты қойылымын көрсетті. «Туған жер» бағдарламасына сәйкес театрдың актрисасы Шардараның тумасы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі Тутова Гүлшат ханым туған жеріне сағынышпен оралып, сахналық қойылымдарын қойып, жерлестерінің ықыласына бөленді. Өнер жолы ауыр жол екені хақ, драмалық қойылымда кез-келген тұлғаның өнер көрсетуі мүмкін еместігі шындық. Міне сол себепті театр актерларымен актрисалары әбден құрметке лайық. Театрдың еңбегін бағалан Шардара ауданының әкімі Б.Қыстауов театр ұжымына алғысын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Соңынан Шардаралық тұрғындарға театр ұжымы өздерінің алғысын білдіріп естелік суреттерге түсті.