Болашаққа бағдар : «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Дұрыс тамақтану – денісау ұлтты қалыптастырудың кепілі» тақырыбында №1 М.Әуезоватындағы жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагогтардың ұйымдастыруымен он күндікіс-шара өтілді.
06.11.2017 жылы Тақырыптық жиын өткізіліп Мектеп директоры Е.Акбердиев адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек балалар. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып сабаққа да көңіл бөліп жақсы талпынады деп өз ойымен, білгенімен бөлісті. «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлтымыздың кепілі!»тақарыбында 5-11 сынып оқушылары бұрыштар ұйымдастырып спорт зал қабырғаларына ілінді. Ал 1-5 сынып аралығында «Дәрумендер және денсаулық» тақырыбында сурет байқауы өтілді. Мектеп медбикелері М.Бекжанова «Дұрыс тамақтану пирамидасы» тақырыбында5-11 сынып аралығында Диктант алынды және «Дұрыс тамактау ережелері» тақырыбында 1-11 сынып аралығында бейне жазбалар көрсетіліп, дәріс оқылды. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтар қойылып, толыққанды жауап алды. 1-10-шы сынып аралығындағы мемлекет тарапынан бөлінетін бір мезгілдік ыстық тамақ ішетін оқушылар «Рационды тамақтану-денсаулық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып өз дәрежесінде өтті. 1-11 сынып жетекшілері «Салауатты тамақтанудың 10 ережесін есіңе сақта!» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Халқымыз « Дені саудың – жаны сау» деп айтқандай дене тәрбиесі пән мұғалімдері 5-8 сынып аралығында «Мен салауатты өмір салтын ұсынамын» тақырыбы бойынша спорттық сайыс өз дәрежесінде өтті. Әлеуметтік педагогтар «Тамақтану оқушылар көзімен» атты тақырыпта мектебіміздің 428 оқушысынан сауалнама алынды. Әлеуметтік педагогтардың ұйымдастыруымен «Тиімді тамақтана білесің бе?»Дөңгелек үстелін жоғарғы дәрежеде өтілді. Негізгі мақсаты:Оқушылар арасындағы дұрыс тамақтану қағидаларын қалыптастырып, белсенді өмір позицияларына тәрбиелеу мақсатында жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және артық салмақтың зияндылығы туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Іс-шара барысында ең таза, тақырыпқа сай салынған суреттер байқауы мен үздік салынған бұрыштар І-ІІ-ІІІ-орындармен марапатталды.
Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс – тіршілігімізге тікелей байланысты. Сондықтан оқушылар әр адамның денсаулығы өз қолында.
Дайындаған: №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогтары
Ж. Танабаева. А.Халмурадова.
View the embedded image gallery online at:
https://m-auezov.edu.kz/kz/t-rbie-b-limi/158-bolasha-a-ba-dar-rukhani-zha-yru-ba-darlamasy-ayasynda-d-rys-tama-tanu-denisau-ltty-alyptastyrudy-kepili-ta-yrybynda-1-m-uezovatynda-y-zhalpy-orta-mektebinde-leumettik-pedagogtardy-jymdastyruymen-on-k-ndikis-shara-tildi.html#sigFreeIdd188f99db6
https://m-auezov.edu.kz/kz/t-rbie-b-limi/158-bolasha-a-ba-dar-rukhani-zha-yru-ba-darlamasy-ayasynda-d-rys-tama-tanu-denisau-ltty-alyptastyrudy-kepili-ta-yrybynda-1-m-uezovatynda-y-zhalpy-orta-mektebinde-leumettik-pedagogtardy-jymdastyruymen-on-k-ndikis-shara-tildi.html#sigFreeIdd188f99db6






